Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


Solva Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нұсқасы бойынша ең ірі бес МҚҰ-ға кірді
5.12.2019

Ұлттық Банкінің деректері бойынша Solva МҚҰ 2019 жылғы бірінші жарты жылдың ішінде 280 млн. теңге мөлшерінде таза табысқа жетіп, 2018 жылы компания 2,6% мөлшерінде нарықтағы үлеске ие болса, осы жылы көрсеткіш 2,7%-ға дейін артқан.

Бұл ретте Solva активтердің көлемі бойынша еліміздің жетекші микроқаржылық ұйымдарының ішінде 11,6 млрд. теңге көрсеткішімен төртінші орынға табан тіреген, бұл нарықтың 3,8%-ға тең үлесін құраған.

ҚР Ұлттық Банкі жариялаған деректерге сәйкес 2019 жылдың бірінші жарты жылдығы ішіндегі Қазақстандағы МҚҰ жалпы табысы 10,5 млрд. теңгеге тең. Осы көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32,1%-ды құраған.

Қазақстанда тіркелген 172 МҚҰ компаниялардың ішінде 108 компания табыс көрсеткен, бұл ретте аталған соманың көп бөлігі бес жетекші компаниялардың еншісінде, оның ішінде Solva компаниясы да («ОнлайнКазФинанс» ЖШС) бар. Ағымдағы жылдың алғашқы алты айының нәтижелері бойынша компания нарықтағы 2,7% үлеспен 280 млн. теңге мөлшеріндегі таза бөлінбеген табысты көрсетті.

2019 жылдың екінші тоқсанының соңындағы деректерге сүйенсек, қазақстандық МҚҰ активтерінің жиынтықты көлемі 302,6 млрд. теңгеге жеткен. Өткен тоқсанға қатысты активтердің өсуі 10,7%-ды немесе ақшалай нысанда 29,3 млрд. теңгені құраған. Өткен жылдың екінші тоқсанына қатысты осы көрсеткіш бойынша активтердің өсуі 36,4%-ды немесе 80,8 млрд. теңгеге жеткен.

ҚР ҰБ деректеріне сәйкес МҚҰ активтерінің көлеміндегі 85%-ды микрокредиттер құрайды. Осылайша ағымдағы жылдың екінші тоқсанының соңындағы жағдай бойынша микрокредиттердің жалпы үлесі 85,3%-ға артқан. Өткен жылы бұл көрсеткіш 84,6% деңгейінде болған.

Соңғы жылдағы екінші деңгейлі банктердің қарыз портфелі 55,6%-дан 53,8%-ға дейін қысқаруы микрокредиттеуге деген қызығушылықтың жоғары екендігін көрсетеді.

«Қазақстан нарығы түрлі қаржылық қызметтерді ұсыну тұрғысында айтарлықтай дамыған. Қарапайым тұтынушы мен шағын бизнес өкілдеріне банктерді қарағанда микроқаржылық ұйымдармен жұмыс істеу ыңғайлы екендігі анық. Бұл негізінен МҚҰ инновациялық өнімдерді ұсынуымен байланысты. Осылайша клиенттер өзінің уақытын үнемдейді – деді өз сөзінде  Solva МҚҰ бас директоры Марат Бекжанов.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.