Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


Solva Ұлттық банктің пікірінше ЖЕТЕКШІ 3 МҚҰ-ға кірді
16.03.2020

Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес 2019 жылдың қорытындысы бойынша Solva МҚҰ («Онлайн Казфинанс» ЖШС) активтерінің жалпы көлемі 2018 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда 3,5 есе артқан. Мысалы, бұған дейін көрсеткіш 5,8 млрд. теңгені құраса, 2019 жылы 19,9 млрд. теңгеге дейін жеткен. Осылайша 01.01.2020 ж. жағдай бойынша компанияның нарықтағы үлесі жалпы нарықтың 5,6%-н құрап, еліміздің бес жетекші микроқаржылық ұйымдар ішінде үшінші орынға табан тіреген.

«Біз жеке кәсіпкерлерге белсенді түрде қолдау көрсетеміз. Компания мұндай көрсеткіштерге ЖК-ға кредит беру көлемін арттыру есебінен қол жеткізе алды. ШОБ өкілдеріне МҚҰ-мен жұмыс істеу тиімдірек, ал Solva компанияның инновациялық технологиялары алшақты өңірлер мен аймақтық шектеулерге қарамастан қарыз алушылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, Түркістан облысында тіркелген ЖК үлесі ҚР бойынша тіркелген жеке кәсіпкерлердің жалпы санының 11,1%-ды құраса, өңірдегі ҚР ЕДБ филиалдары мен бөлімшелерінің үлесі ҚР бойынша не бәрі 2,8%–ды құраған. Solva компаниясына өтінімді беру үшін сауалнаманы толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен шартты куәландыру жеткілікті» – деді Solva компаниясының басқарушы директоры, IDF Eurasia директоры Алина Дзоекаева.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚР МҚҰ жалпы бөлінбеген табысы 23,2 млрд. теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 16,5 млрд. теңгені құраса, өсім 71.3%-ға жеткен.

Бұл ретте 01.01.2020 ж. жағдай бойынша МҚҰ активтерінің жиынтықты көлемі 355,2 млрд. теңгеге жеткен. Ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 256,5 млрд. теңгені құрап, өсім 72.2% көрсеткішке тең болған.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.