Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


Solva таеквон-до бойынша әлем чемпионы Илья Хванның серіктесі атанды
30.07.2019

Қазақстандық спортсмен Болгарияда өтетін Таеквон-до бойынша әлем чемпионатында біріккен Кореяның байрағын көтереді.

2019 жылғы 24-30 тамыз аралығында Пловдив қаласында (Болгария) әлемнің 80 мемлекетінің өкілдері қатысатын Таеквон-до бойынша әлем чемпионаты өтеді. Титулды алуға басты үміткер – Әлемнің ағымдағы екі мәрте чемпионы қазақстандық Илья Хван.

Осы жылы Илья Қазақстан мен Біріккен Кореяның байрағын жекпе жектің негізгі тұғырында көтеруді өзіне мақсатқа қойған. Олимпиада ойындарында және басқа ірі турнирлерде Біріккен Кореяның байрағын дәстүр бойынша Солтүстік және Оңтүстік Кореяның біріккен құрамасының өкілдері көтерген. Спортсменнің сөзіне сүйенсек, осы мәртебе ол үшін өте маңызды, себебі Илья Қазақстанның азаматы мен отаншыл тұрғыны ғана емес, сонымен бірге өзінің корейлік тамырларын да құрметтейтін спортсмен.

«Өз мемлекетіңнің атынан спорт іс-шараларында өнер көрсету – үлкен жауапкершілік. Мұндай іс-шараларда бас жүлдені алуға тырысу қажет, жекпе-жекке қатысып қана қойған дұрыс емес. Барлығы мен секілді ойламауы да ықтимал, бірақ мен үшін дәл солай. Менің өскен ортам,  мектептегі ұстаздарым, тәрбиешілерім, жаттықтырушыларым және өмір жолымда кездескен барлық адамдар Отанға деген сүйіспеншілігімді, мемлекетім үшін жауапкершіліктің қалыптасуына үлкен септігін тигізді. Алдыға қойған мақсатымды жүзеге асыруға қаржылық көмек көрсететін Solva компаниясына алғысым шексіз» – деді Илья Хван.

«Спорттық азарт өмірдің кез келген саласында, оның ішінде бизнесте болады. Жарыстағыдай өзіңе мақсат қойып, өзіңе және қоршаған ортаңа дәлелдеу үшін мейлінше тырысасың. Спорт адамның күш-жігерін, мінезін қалыптастырады. Біріншіден, нәтижеге қол жеткізу арқылы өзіңе деген сенімділігің артады. Екіншіден, кез келген салада кәсіби жетістіктерге қол жеткізуге болатындығына көз жеткізуге болады. Сәттілікке жету арқылы қиыншылықтармен күресудің маңызды екендігін түсінесің. Біз Solva компаниясында ұқсас уәждемені ұстанамыз, себебі бизнесте сәттілік жігерлі еңбектің нәтижесінде келеді. Біз Илья Хванға ұжымның атынан тек қана жеңіс тілейміз» – деп өз сөзін Solva компаниясының бас директоры Марат Бекжанов қорытындылады.

Илья Хван – халықаралық кластағы спорт шебері.
Әлемнің ағымдағы екі мәрті чемпионы (2015 ж., Пловдив қ., Болгария, 2017 ж., Пхеньян қ., ҚХДР), Азияның 8 мәрте чемпионы;
Қазақстанның көп мәрте чемпионы және Қазақстанның абсолютті чемпионы
Азия кубогының абсолютті чемпионы 2018 (Алматы қ.)
Халықаралық нұсқаушы
Қара белдік, 4 дан.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.