Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


Solva микроқаржылық ұйымы «Сала көшбасшысы 2019» марапатына ие болды
10.01.2020

Solva МҚҰ-ға мемлекеттік бюджетке елеулі үлесі мен қызметтің жоғары қаржылық нәтижелері үшін «Сала көшбасшысы 2019» марапаты берілді. Компания жетістіктерін Қазақстандағы Ұлттық бизнес-рейтинг тәуелісіз зерттеулер нәтижелері бойынша атап көрсетілді.

Solva МҚҰ «Мемлекеттік бюджетке салым» рейтингі деректері бойынша кәсіпорындар арасында алтын медальмен марапатталды. Ұлттық бизнес-рейтинг 433 774 қазақстандық кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетке салым деректерін талдай отырып, осындай нәтижелерді жариялады.

Solva МҚҰ активтерінің көлемі бойынша еліміздің жетекші бес микроқаржылық ұйымдарының ішінде 11,3 млрд. теңге көрсеткішпен төртінші орынға табан тіреді. ҚР Ұлттық банк жариялаған деректерге сәйкес Қазақстандағы МҚҰ жалпы табысы 2019 жылдың бірінші жарты жылында рекордтық 10,5 млрд. теңгеге жетті. Салыстыратын болсақ, өткен жылдың осындай кезеңі ішінде аталған көрсеткіш 32,1%-ға артқан.

Ұлттық бизнес-рейтинг Қазақстандағы кәсіпорындардың жұмысын алтыншы жыл талдау жұмыстарымен қатар салалық рейтингтер бойынша жоғары орындарға ие кәсіпорындарды марапаттаумен айналысады. Мұндай компаниялар қаржы саласында тұрақтылық көрсеткен, адал кәсіпорындар ғана емес, бұған қоса еліміздің экономикасы мен өз салаларындағы дамудың нағыз драйверлері болып табылады.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.