Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


MoneyMan AI көрсеткішіне негізделген мерзімі өткен берешекті өндіріп алу технологиясын енгізді
22.06.2019

Жаңа технология қарыз алушы қашан берешекті өтейтіндігін, сонымен бірге қарыз алушымен өзара әрекеттесу тәсілдері мен жиілігін тағайындайтындығын анықтайды. Жүйе машиналық оқыту технологиясын пайдаланады. Технология компанияның жеке күшімен әзірленді. 2019 жылдың нәтижелеріне сүйенсек, технологияны енгізуден экономикалық тиімділік алдын ала жорамал бойынша 100 млн. рубльден асады деп күтілуде.

Бағдарлама екі модульден тұрады. Бірінші модульде клиент қарызды мерзімі өткен берешектің нақты қай күнінде төлейтіндігін тұспалдайды. Мысалы, модуль қарыз алушының дербес деректерін ескере отырып, клиент қарыздың қай бөлігін 20 күні өтейтіндігін есептей алады.  «Егер біз қарыз алушы қарызды 10 күн ішінде төлейтіндігін көрсек, біз қарыз алушыға жіберілетін хабарлама мен қоңырау шалуға жұмсалатын шығындарды қысқартамыз да, осылайша онымен өзара әрекеттесуді азайтамыз» – деп түсіндірді MoneyMan компаниясының бас директоры Ирина Хорошко.

Екінші модуль клиентпен өзара әрекеттесудің оңтайлы арнасын таңдауға көмектеседі. Жүйе клиентпен қандай тәсіл (қоңырау шалу, смс, электрондық пошта және т.с.с.) оңтайлы екендігін анықтайды. Бір арнаны таңдаған кезде барлық қалған арналар өшіріледі. Бұған қоса модуль клиентпен өзара әрекеттесу санын қысқарта отырып, әрбір клиентпен өзара әрекеттесу жиілігін анықтайды. Қарыз алушылармен жүргізілетін барлық өзара әрекеттесу тек қана қашықтықтан жүргізілетіндігін атап көрсеткен жөн.

Екі модуль бірге жұмыс істейді. Жасанды зияткерлік жүйе мыңдаған ауыспалы мәндерді пайдаланады:  пайдаланушының мінез-құлқы және оның төлем тәртібі. Оған сауалнама деректері, пайдаланушының жеке кабинетке кіру жиілігі, қоңырауға қаншалықты жиі жауап беретіндігі, берешекті қандай сомаға өтейтіндігі және т.с.с. ақпарат кіреді. Егер клиент компанияға бұған дейін жүгінсе, бағдарлама оның бұған дейін алған қарыздары бойынша төлем тәртібін талдайды.  Әдетте жорамалға қажетті деректер мерзімі өткен 7-15 күндер жиналады. Жорамалдың нақтылығы 87%-ды құрайды. Ол бағдарламаның әрбір жаңартуымен артуы тиіс. Бағдарламаны енгізгеннен кейін өндіріп алудың орташа деңгейі 2019 жылы 3 п.п. артты.

Бағдарламаны әзірлеу үшін MoneyMan компаниясы бірнеше айда тестті жүргізген. «Ресейдегі өндірушілердің беделі өте нашар болуының бірнеше себептері бар: лицензиясы жоқ компаниялардың жұмысы, қызметтің қысқаша тарихы, қызметкерлердің төмен біліктілігі және т.с.с. Біз өндіру процесін жауапты, этика тұрғысында дұрыс және жоғары технологиялық етуге болатындығын көрсеткіміз келеді. Осылайша жаңа технологиялар саланы өркениетті етуге мүмкіндік пайда болады» – деді өз сөзінде Ирина Хорошко.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.