Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


MoneyMan Ресейдегі микроқаржылық компаниялар рэнкингінде бірінші орынға ие болды
15.08.2019

Ұлттық рейтингтік агенттігі (ҰРА) зерттеуді 2019 жылдың бірінші тоқсанының нәтижелері бойынша жүргізді. MoneyMan компаниясы портфель көлемі бойынша бірінші орынға табан тіреді. Портфель көлемі 4,6 млрд. рубльді құрап, 2018 жылдың төртінші тоқсанындағы көрсеткіштен 12%-ға артық болды.

Рейтингтік агенттігі жүргізген зерттеудің нәтижелеріне сүйенсек, микроқаржыға деген сұрау артып келеді: микроқаржылық ұйымдардың бизнес моделі қарыз алушылардың түрлі сегменттеріне қарыз беру мүмкіндігін тұспалдайды. Нарықта шоғырландыру процесі жалғасуда: МҚҰ саны 2018 жыл мен 2019 жылдың алғашқы 3 айындағы ақпаратқа сәйкес 1994 компанияға дейін, яғни 14%-ға қысқарған. 2019 жылы портфельдің көлемінің өсуінің негізгі драйверіне бөлшек сегменті айналды. Бұған қоса МҚҰ ұсынатын қарызға деген бизнес тарапынан сұраудың деңгейі жоғары көрсеткіште қала беруде.

МҚҰ нарығының ірі ойыншылары облигация нарығына шығуда, осы өзгеріс 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы негізгі оқиғаның біріне айналды. Мамыр айында ID Finance тобына кіретін «Онлайн Микрофинанс» ұйымы қайта жазылым мүмкіндігі қарастырылған 300 млн. рубль сомасына биржалық облигацияларды шығарды. Бұл инвесторлардың жоғары сенімін, бұған қоса компания мен нарықтың перспективасына оң баға берілгендігін куәландырады. Сауданың бірінші күнінде бағалы қағаздардың екінші нарығында облигациялар номинал құнынан жоғары бағаланып, саудаға түсті.

Облигация нарығына шығу компанияларға қаржыландыру көздерін әртараптандыруға, бизнестің ашықтығын арттыруға және қарыз алу құнын төмендетуге көмектеседі. Бұқаралық кредиттік тарихты әзірлеу – компаниялар үшін инвестициялық тартымдылықтты арттыру құралы. Бұқаралық кредиттік тарихты кезеңмен жалғастыру ҰРА талдаушыларының пікіріне сәйкес нарықтағы қаражатты тарту құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

2019 жылдың бірінші тоқсанында нарық реттеуші органдар енгізетін өзгерістерге бейімделуге дайын екендігін көрсетуде деген пікірді MoneyMan бас директоры Ирина Хорошко білдірді. MoneyMan бизнес-процестерді оңтайландырып, жаңа технологияларды пайдаланудың нәтижесінде тиімділікті арттырып келеді. Осылайша 2019 жылы жасанды зияткерлікке негізделген мерзімі өткен берешекті өндіріп алу модулі енгізілді, бұған қоса пайдаланушыларды сервиске қайтаруға жауап беретін бағдарламаның нақтылығы арттырылды. Ирина Хорошко жаңа маркетингтік стратегияның қолданысқа енгізілгендігі туралы да ақпаратты жеткізді.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.