Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


MoneyMan компаниясында қарыз алушылардың құқықтары жөніндегі уәкілетті маман пайда болды
16.09.2019

MoneyMan компаниясы қарыз алушылардың құқықтары жөніндегі уәкілетті маман деп аталатын жаңа лауазымды енгізді. Омбудсмен қарыз алушы мен компания арасында туындайтын дауларға қатысты медиатор болып табылады: ол MoneyMan компаниясына бұған дейін жүгінген, алайда қызмет көрсету сапасы мен сервиске көңілі толмаған клиенттердің мүдделерінің сақталуын бақылайды. Уәкілетті тұлға пайдаланушылардың құқықтарын, оларды заң шеңберінде қорғау мүмкіндіктерін түсіндірумен айналысады. Мысалы, қажет болған жағдайда, Орталық Банкке шағымды қалай ресімдеуге болатындығын да түсіндіреді.

Омбудсменге бұған қоса компанияның ішкі процестерінің және регламенттерінің аудитін жүргізу функциясы жүктелген. Омбудсмен клиент пен компания арасындағы дауларды 1-2 күн ішінде, ал жедел сұрауларды 1 күн ішінде шешуге қажетті барлық өкілеттілік пен техникалық мүмкіндіктерге ие. Оның шешімін компанияның барлық қызметкерлері орындауға міндетті. Жаңа позиция, шын мәнінде, Орталық банкке клиенттердің жүгіну санын қысқартады.

Қарыз алушылар уәкілетті тұлғаға компанияның ресми сайтындағы «Байланыс» тарауында орналасқан «Қарыз алушылардың құқықтарын қорғау» арнайы нысаны арқылы жүгіне алады. Жаңа лауазым туралы ақпаратты компания өкілдері Орталық банк өкілдерінің назарына маусым айында ұйымдастырылған кездесуде ұсынды. Сәтті кейс ретінде пайдаланылуы және Ресей Федерациясы қаржылық нарығында таратылуы мүмкін құрал ретінде жаңа лауазымды енгізу бойынша жол картасы таныстырылды.

«Клиенттердің құқықтары кез келген компанияда, оның ішінде қаржылық секторда басымдылықта болуы тиіс. Қарыз алушыға сервис сапасы ұнамаса, ол өзін-өзі реттеуші ұйымға немесе Орталық банкке жүгінеді. Біз мұндай ұйымдардан хат алған кезде қарыз алушының сұрағын егер ол бізге жүгінсе жылдамырақ шеше алатындығымызға көз жеткіздік. Барлық өтініштер негізінен компания мен қарыз алушы арасындағы түсінбеушіліктен туындау ықтималдылығы жоғары. Жаңа позиция клиенттерге қызмет көрсету сапасын, кері байланысты ұсыну жылдамдығын, қарыз алушылардың компанияға деген адалдығын арттыруға мүмкіндік береді. Біздің тәжірибеміз басқа микроқаржылық ұйымдар арасында қызығушылық тудырады дегенге сенеміз» – деп өз сөзін MoneyMan бас директоры Ирина Хорошко қорытындылады.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.