Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


IDF Eurasia 500 млн. рубльге облигацияларды сәтті орналастырды
18.03.2020

IDF Eurasia тобының құрамына кіретін «Онлайн Микрофинанс» ЖШҚ 3 жыл айналым мерзіміне және 12 айдан кейін оферта қарастырылған, бұған қоса жылына 13% купонды білдіретін жалпы көлемі 500 млн. рубльді құрайтын облигацияларды алғаш рет сәтті орналастырды. Мұндай шарттар жылдық оферта бойынша табыстылық деңгейін жылына шамамен 13,8%-ға сәйкес келеді. Облигациялардың номиналы – 1000 рубль, купондар бойынша төлемдер ай сайынғы негізде жүзеге асырылады. Шығарылымның сәйкестендіргіш нөмірі – 4B02-02-00459-R, шығарылым күні – 2020 жылғы 04 наурыз. Бағалы қағаздар сәйкестендірудің халықаралық коды (нөмірі) (ISIN) — RU000A101JF2.

Шығарылымның ұйымдастырушысы — «Ренессанс брокер». Шығарылым бойынша «Мани Мен» МҚК ЖШҚ ұсынған эмиссиялық сенімгерлік пен «Онлайн Финанс» ЖШС-дан бұқаралық кері қайтарылмайтын оферта қарастырылған.

Облигацияларға деген сұраныс ұсыныстардан артты, өтінімдер түрлі банктерден, қорлардан, басқарушы және инвестициялық компаниялардан түсті.

«Өтінімдер кітабын ашу туралы шешім қаржылық нарықтардың құлдырауы кезінде қабылданғандығына қарамастан, шығарылым жоспарланған параметрлер шеңберінде сәтті аяқталды. Нәтижелі орналастыруға кітапты ашудың алдындағы бір апта бұрын ұйымдастырылған біздің дәстүрлі «Инвестор күні» өз септігін тигізді. Жоғарыда аталған іс-шара барысында біз даму стратегиямыз туралы ақпарат бердік, инвесторлардың сұрақтарына, оның ішінде сала мен қаржылық нарықтағы ағымдағы ситуацияға қатысты сұрақтарға жауап бердік. Барлық инвесторларға қатысқаны мен қолдау көрсеткені үшін, ал «Ренессанс брокер» ұйымына нақты және керемет ұйымдастырылған жұмысы үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді» – деп IDF Eurasia компаниясының негізін қалаушы тұлғалардың бірі Борис Батин сөзін қорытындылады.

«Онлайн Микрофинанс» Moneyman және Solva брендтерімен Ресей мен Қазақстанда жұмыс істейтін ірі онлайн-кредиттеу сервисі болып табылатын IDF Eurasia тобының бөлігі болып табылады. Еуразиядағы қаржылық-технологиялық түрлендірудің флагманы бола отырып, шешімдерді қабылдау жүйесінде жауапты кредиттеу қағидаттарына сәйкес үздік әзірленімдерді пайдаланады. Moneyman «Эксперт РА» агенттігінің пікірінше микроқаржылық компаниялардың ішінде ru BB+ ең жоғары кредиттік рейтингіне ие.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.