Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


IDF Eurasia «Онлайн Микрофинанс» ЖШҚ БО-01 сериялы облигациялары бойынша офертаны сәтті өтті
27.05.2020

«Онлайн Микрофинанс» ЖШҚ (Moneyman бренді, IDF Eurasia компаниялар тобына кіреді) БО-01 сериялы биржалық облигациялар (шығарылымның сәйкестендіргіш нөмірі: 4B02-01-00459-R, шығарылым күні – 2019 жылғы 26 сәуір) бойынша офертаны сәтті өтті.

Осы шығарылым өткен жылдың мамыр айында орналастырылып, бір жылдан кейінгі офертасы бар айналымның үш жылдық мерзіміне ие. Облигация номиналы – 1 000 рубль. Иеленушілердің талабы бойынша 2020 жылғы 26 мамырда облигациялық шығарылымның бөлігі сатып алынды. сатып алынуға ұсынылған қағаздардың саны – бұрын орналастырылған 300 000 данадан 27 265 (немесе тиісінше ақшалай түрде 300 млн. рубльден 27 265 000 рубль).

«Қарыздық қорландыру көздерін белсенді пайдалану біз үшін бизнесті кеңейту және оның көлемін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып қала беруде. Оферта мүмкіндігін жалпы көлемі 272,7 млн. рубльді құрайтын облигация ұстаушылары пайдаланбады. Осы факт инвесторлар сенімінің жоғары деңгейін растайды. Компания кредиттік сапасының ең жоғары деңгейі 2020 жылы 22 мамырда осы шығарылымға «Эксперт РА» компаниясы тарапынан ruBB+ кредиттік рейтингін ұсыну кезінде тағы бір рет расталды. Бүгінгі таңда бұл микроқаржыландыру секторының барлық эмитенттерінің арасында аса жоғары рейтинг болып саналады» – деп IDF Eurasia компаниясының негізін қалаушы Борис Батин пікірін білдірді.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.