Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


IDF Eurasia жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша жобаны іске қосты
21.05.2020

Solva МҚҰ қаржылық сауаттылықты арттыру жобасын іске қосты. Бұл тәжірибелі бизнес-жаттықтырушы Ғалия Қоянбаевамен тегін жаттықтырушылардың сериясы. Жобаның мақсаты – өңірлердегі жеке кәсіпкерлерге карантин кезінде көмектесу және осы дағдарыстан минималды шығындармен шығуға септігін тигізу.

Solva МҚҰ ұйымдастырған қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы өңірлердегі жеке кәсіпкерлерге арналған. Жоба бастамашылдарының пікірінше, бұл бизнес саладағы ең осал категория өкілдеріне жатады. оқыту толығымен онлайн режимде өтеді және әрбір өңір үшін 4 күнді құрайды.

Жаттықтырушы Ғалия Қоянбаева жеңіл және қол жетімді нысанда өз сессияларында кез келген бизнес үшін ең маңызды заттар туралы айтады. 2020 жылғы COVID-19 пандемия себебінен туындаған дағдарысты ескере отырып сауда жасау, нарықты зерттеу, нысаналы аудиториямен жұмыс істеу негіздері, клиенттерді тарту жолдары, сату құрылымын әзірлеу. Әрбір курс тек қана теориялық ақпараттан емес, сонымен бірге вебинар барысында алынған жаңа білім мен машықты бекіту үшін практикалық тапсырмалардан тұрады. Негізгі білім тармақтарынан басқа Ғалия Қоянбаева карантиннен жеңіл шығу бойынша өзінің чек-парағымен бөліседі.

 Вебинар сериясы Павлодар облысының кәсіпкерлері арасында өткізілді.

«Осы тренингтердің барысында біз Павлодар облысы кәсіпкерлері білімінің жалпы деңгейін талдадық. Көптеген қатысушылар мұндай оқытуға алғаш рет қатысқан» – деп пікірін білдірді Ғалия ханым. Бұған қоса көбінесе кәсіпкерлер қандай салада бизнес жүргізуді қалайтындығын білмегендіктен, шығындары аз саланы таңдайды екен. Мысалы, тендермен жұмыс жөніндегі мамандығына оқып алғаннан кейін мемлекеттік сатып алумен айналысады. Алайда вебинар қатысушыларының 70%-ы өз жұмысын ұнатпайтындығын және басқа немен айналысатындығын айтқан. Олардың көпшілігі микроқаржылық ұйымдар ұсынатын қаржыландыру туралы ештеңе білмейді. Бұған қоса егер дұрыс пайдаланса, осы құрал-сайманды жеке бизнесті дамыту үшін өте тиімді пайдалануға болады» – деді жаттықтырушы маман.

Вебинар барысында тағы бір проблема анықталды. Кәсіпкерлер компания құрылымын ұйымдастырудың негіздерін, команданы құруды, команда қатысушыларының арасында тапсырмаларды бөлу негіздерін, сонымен бірге тауарлар мен қызметтерді сату машығын білмейді. Solva МҚҰ вебинар сериясы қатысушыларының пікірі бойынша жетіспейтін білімді вебинар барысында алуға болады.

«Мен өзімнің бизнесім үшін көптеген жаңа ақпаратты білдім. Алынған білімді практика жүзінде пайдалана бастадым және бірнеше күн ішінде жаңа екі шартқа қол қойдым. Және осының барлығы оқытудан кейінгі бірнеше күн ішінде болды» – деп Екібастұз қаласының жеке кәсіпкері Ринат Культуманов өз жетістігімен бөлісті.

«Мен шағын қалада тұрамын және жұмыс істеймін. Шынымды айтсам, өңірлердегі кәсіпкерлерге қиын, біз бизнесті білетін білімімізбен ғана жүргізіп келеміз. Бұл, әрине, дұрыс емес. Тек қана консультация алған жоқпыз, біз тәжірибелі және білімді бизнес-жаттықтырушымен төрт күн өткіздік. Әрбір қатысушы көптеген маңызды ақпаратқа ие болып қана қоймай, машықтарын практика жүзінде қолдана бастады. Solva МҚҰ осылайша қазақстандық кәсіпкерлерге құнды көмек көрсетті» – деп Екібастұз қаласының кәсіпкері Жанна Аринова санайды.

Solva МҚҰ Павлодар облысын жеке кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру жобасын жүргізу үшін бірінші өңір ретінде таңдаған. Жақын арада ұқсас іс-шаралар Қызылорда, Семей және Алматы облыстарының бизнесмендері үшін ұйымдастырылады.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.