Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


IDF Eurasia Алматы қ. дәрігерлері мен еріктілерге қолдау көрсетті
14.04.2020

Қазақстанда қызмет көрсететін IDF Eurasia компаниясы «AG Argentum Estetic» ұйымын басқаратын дара кәсіркер Оксана Шагаревамен бірлесе отырып, Алматы қ. қоғамдық бірлестіктерінің еріктілерін, №7 қалалық клиникалық аурухананың медициналық қызметкерлерін вирусқа қарсы қорғаныс құралдары жиынтықтарымен жабдықтады.

Қазақстандағы еріктілер қозғалыстары – бүкіл әлемді коронавирус пандемиясы қоршаған кезде жақсылық пен аяушылық нышаны. Олар қарапайым халыққа тегін негізде көмек көрсетеді. Жеке қорғаныс құралдарын әзірлейді, егде адамдарға дәрі-дәрмектер мен азық-түліктерді жеткізеді, дәрігерлерге көмектеседі және бүкіл халық қауіпті деп таныған аймақта ерікті түрде қызмет етеді.

Еріктілер, ең алдымен, әбір қаладағы төтенше жағдай режиміне бірінші болып келеді, күрделі ситуацияға түскен адамдарға көмек көрсетеді. Мысалы, Қазақстан рестораторлар клубы жедел медициналық көмек қызметімен бірлесе отырып, Алматы қ. емханаларындағы медициналық қызметкерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуді қолға алды.

Еріктілердің вирусты жұқтыру қаупін азайту үшін Қазақстандағы IDF Eurasia компаниясы Алматы қ. №7 қалалық аурухананың медициналық қызметкерлеріне, сонымен бірге Ақсай ықшам ауданында тұратын зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету желісі бойынша жұмыс істейтін «Алма-Ата» Әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігінің еріктілеріне арнайы киім-кешекті, вирусқа қарсы киім-кешек жиынтықтарын сатып алып табыстаған.

«Еріктілерге арналған жабдықтау» әлеуметтік жобаны ұйымдастыру мақсатында, ең алдымен, халыққа ақысыз түрде көмектесетін белсенділердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сонымен бірге карантин кезеңінде жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.