Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


72% клиент Solva МҚҰ-ны достарына ұсынуға дайын
20.12.2019

МҚҰ-ға деген сенім индексі Қазақстанның банктік секторы бойынша ұқсас көрсеткіштен жоғары.

Solva компаниясының зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, цифлық МҚҰ сервистерінің 64% пайдаланушылары компанияны өзінің таныстары мен достарына ұсынуға дайын. Компания ағымдағы жылдың қыркүйек айында өз клиенттерінің арасында тұтынушылық адалдық индексін (NPS) зерттеген. Микроқаржылық ұйымдар үшін NPS орташа көрсеткіші банктік сектордан жоғары. Solva компанияның цифрлық кредиттеу нарығындағы ірі ойыншылары үшін NPS көрсеткіші 72 тармақты көрсеткен.

4Service Group зерттеу компаниясының ақпаратына сәйкес 2018 жылдағы Қазақстандағы коммерциялық банктердің қызметтер мен өнімдер тұтынушыларының қанағаттанушылық индексі (Net Promoter Score) 14-34,8 тармақ аралығында ауытқыған. delighted.com интернет-сервисінің деректеріне сәйкес бұл көрсеткіш банк саласындағы әлем бойынша орташа мәнге сәйкес келеді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш бар болғаны 32 тармақты құрайды. Оған қарамастан НАФИ зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, Ресей Федерациясында клиенттердің банктерге қатысты адалдық деңгейі айтарлықтай төмен. 2019 жылы банк нарығы үшін орташа NPS мәні 14 деген мәнді көрсеткен.

Әдетте NPS деңгейін анықтау үшін тұтынушы «Компания, тауарды немесе брендті достарыңызға, таныстарыңыз бен әріптестеріңізге қаншалықты ұсынуға дайынсыз?» деген сұраққа 10 ұпай шәкілі бойынша жауап беруі тиіс, мұндағы 0 – «Мүлдем ұсынбайтын едім?», ал 10 – «Міндетті түрде ұсынатын едім». Алынған жауаптарды негізге ала отырып, тұтынушылар промоутерлерге, яғни компанияны қолдайтындарға (9-10 ұпай), бейтарап тұтынушыларға (7-8 ұпай) және компания қызметтеріне көңілі толмайтындарға (0-6 ұпай) бөлінеді. Осылайша, мысалы, зерттеу нәтижелері бойынша Solva сервисін ұнататындардың көлемі 64%, ал критиктер 18%-да, NPS индексі 72 деген көрсеткішті құраған.

Қазақстандық МҚҰ көрсеткіші әлем бойынша айтарлықтай жоғары. Бұл көрсеткіш әлем бойынша ритейл нарығында 35, жылдам тамақтану индустриясында 30, қонақүй бизнесінде 37, әуежай саласында 37 құраған. Алайда Amazon, Cotsco немесе Apple секілді компанияларда NPS 90 тармаққа дейін жетуі мүмкін.

Марат Бекжанов, Solva компаниясының бас директоры«Solva компаниясы арқылы кредит алу үшін смартфон мен интернет желісі жеткілікті. Жаңа клиенттік тәжірибе, кредиттеу процесінің жылдамдығы мен жайлылығы оң пікірді қалыптастырады. Біз тұрақты негізде NPS индексін өлшеп, сервисті ыңғайлы етуге тырысамыз. Осылайша біздің клиенттеріміздің 90% компанияға қайтадан жүгінген клиенттер болып табылады».

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.