Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


2019 жылы МҚҰ ұсынған кредит көлемі 38%-ға артты. Интернет арқылы микроқаржыландыру мен микроқарыздар — еліміздің алшақ аудандарындағы шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлер үшін заманауи шешім
5.12.2019

ҚР МҚҰ несиелік портфелі2019 жылғы II тоқсан

ҚР микроқаржылық нарығы тұрақты деңгейде артуда. Осылайша соңғы тоқсан ішіндегі ҚР МҚҰ несиелік  портфелінің жиынтық көлемі 10,7%-ға артып, 2019 жылдың екінші тоқсанының нәтижелері бойынша 258,1 млрд. теңгені құраған. Өткен жылмен салыстырғанда портфель бірден 37,6%-ға өскен.

Микроқаржылық ұйымдар жеке кәсіпкерлерге белсенді көмек ұсынады. Бұған қоса алшақ аудандарда ЖК-ға кредит беретін жалғыз ұйым МҚҰ болып табылады.

2019 жылдың қазан айының соңындағы деректерге сүйенсек, 1,25 млн. жеке кәсіпкерлер тіркелген, оның ішінде 3 мегаполисте жалпы көрсеткіштің төрттен бір бөлігі ғана әрекет етеді. Қалған өңірлерде банк бөлімшелерінің жеткіліксіз болуына байланысты ЖК арасында бизнесті дамытуға арналған қарызды негізінен МҚҰ ұсынады. Мысалы, Түркістен облысында тіркелген ЖК үлесі ҚР бойынша жалпы көлемнің 11,1%-н ғана құраса, өңірдегі ҚР ЕДБ филиалдары мен бөлімшелерінің үлесі ҚР бойынша көрсеткіштің не бәрі 2,8%-н құрайды.

Бизнес ашу немесе кеңейту үшін МҚҰ-ға көмек алу үшін өзіне жұмыс істейтін және ЕБД арқылы кредит ала алмайтын қазақстандықтар да жүгіне алады. Жыл ішіндегі оның саны өзгермеген және 2019 жылдың үшінші тоқсанның соңында 2,1 млн. адамды құраған. Бұл ретте 60%-дан аса тұтынушылар ауылдық елді мекендерде тұрады.

Негізгі он ірі МҚҰ арасында қашықтықтан интернет арқылы кредиттеудің ұсынатын Solva сауда маркасымен «МФО Онлайн Казфинанс» ЖШС бар. Бұл барлық өңірлерді, оның ішінде алшақ ауылдарды қамтуға мүмкіндік береді. Өтінім беру үшін сауалнаманы толтырып, шартқа электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен куәландыру жеткілікті.

Бұл өте өзекті және маңызды десе болады, себебі ТОП-10 МҚҰ көпшілігі несиелік портфелінің көлемі бойынша негізінен ҚР оңтүстік өңірлерінде қызмет көрсетеді: «Ырыс», «Азиатский кредитный фонд», «РИЦ Кызылорда» және «Арнур Кредит». Өңірде төрт адамға Түркістен, Жамбыл және Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында 157 филиал мен бөлімшелер келеді. ҚР бойынша ең ірі МҚҰ KMF ұйымының ҚР бойынша 121 бөлімшесі бар, оның ішінде 38 бөлімше ірі қалаларда орналасқан, алайда компанияның Атырау мен Маңғыстау облыстарында өкілдіктері жоқ.

2019 жылдың екінші тоқсанында он ірі МҚҰ арасындағы микрокредит көлемінің максималды өсуін Solvа компаниясында байқауға болатындығына назар аударған жөн: 44,3%, 11,2 млрд. Теңгеге дейін. Solvа компаниясында бір жыл ішінде қарыз беру көлемі 7,1 есе артқан. Осылайша ұйым ҚР ҰБ деректері бойынша ірі МҚҰ тізіміне қосылды. Екінші және үшінші орынға табан тіркеген МҚҰ автокредиттеу сегментінде жұмыс істейді, атап айтқанда, «Тойота Файнаншл» бір тоқсан ішінде 21,7%-ға артып, 40,1 млрд тг, дейін жетсе, «Шинхан Финанс» 17,3%-ға өсіп, 5,8 млрд тг. көрсеткішке жеткен. Жетекші 5 МҚҰ тізіміне «Береке» МҚҰ (14,4%-ға өсім) және «Ырыс» (12,4%-ға өсім) кірген.

Ақпаратқа сәйкес ERG Microfinance МҚҰ ғана микрокредит беру көлемі бойынша қарыз беру көлемін қысқартқан.

Қызметтері негізінен ЖК мен өзіне жұмыс істейтін тұлғаларға арналған ҚР МҚҰ берген микрокредиттер көлемі тоқсан сайын артуда, ал ҚР ЕДБ шағын бизнеске беретін кредит көлемі төмендеп келеді.

Соңғы жыл ішінде шағын бизнеске берілген кредит көлемі 13,6%-ға қысқарып, 2,4 трлн. тг.-ден 2,1 трлн. тг.-ге дейін азайған. ҚР ЕДБ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынатын тұтынушылық кредит 71,3%-ға қысқарып, 324 млн тг. көрсеткішке жеткен.

Осылайша микроқаржыландыру ШОБ сегментіндегі банктік кредиттеудің баламалы нұсқасына айналуда.

Solva сауда маркасымен қызмет көрсететін «Онлайн Казфинанс» МҚҰ-ның жетекші позициясы микрокредит көлемінің тоқсан мен жылдық өсім нәтижесінде десе болады. Осы арқылы халық арасында интернет арқылы қарыз алу танымалдыққа ие болып келеді. Қалалар мен облыс орталықтарынан алшақ тұратын қазақстандықтар үшін қаражат алу процесі елеулі түрде жеңілдеген.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес 2021 жылдың соңына дейін жылдамдығы жоғары интернетке еліміздің алшақ ауылдарында тұратын шамамен 2,5 млн. адам ие болады. Оптикалық-талшықты байланыс желісін 2 мыңнан аса ауылдық елдімекендерге жүргізу жоспарланған. Бұл онлайн-кредиттеу өнімдерін алшақ өңірлерде де қол жетімді етуге септігін тигізеді.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.