Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


Қазақстандықтар Жаңа жылға арналған сыйлықтарға қандай мөлшерде қаражат жаратуға дайын?
18.12.2019

Жылдың ең басты мерекесінің қарсаңында «Кімге не және қандай сомаға сыйлауға болады?» деген сұрақ туындайды. Solva микроқаржылық ұйымы жүргізген сауалнамаға сәйкес қазақстандықтарда «Жаңа жылдық сыйлықтар» деген шығын категориясы бар екендігі және отбасылық бюджеттен елеулі сома бөлінетіндігі анықталды. Сауалнамаға еліміздің түрлі аймақтарынан 25-60 жас аралығындағы 5 000-нан астам респонденттер қатысты.

Респонденттердің елеулі бөлігі достары мен жақындарына сыйлыққа 30 000 – 50 000 теңге (28,85%) аралығындағы соманы бөлуді жоспарлауда. 25% респонденттер сыйлыққа 10 000 – 30 000 теңге аралығындағы сома жұмсауға дайын.

Әдетте жоғарыда көрсетілген сома шеңберінде сыйлыққа косметика бұйымдары мен парфюмерия, қымбат ішімдік, пайдалы гаджеттер және үйге арналған тауарлар жатады. Кейбір респонденттер жақындарына аяқ-киім мен киім-кешек сыйлағанды дұрыс көреді. Осылайша сыйлық тартудың «пайдалы және жанға жағымды» аспектілерін қамтимыз деп санайды.

Мысалы, 13,46% респонденттер сыйлыққа орташа сомадан асатын соманы жұмсауға дайын екендігін атап көрсеткен. Жақындары үшін 50 000 – 100 000 теңге мөлшеріндегі соманы жаратуды жөн санайтындар да бар. Сауалнамаға қатысқан 15,38% 100 000 теңгеден асатын сомаға сыйлық алып, жақындарына қуаныш сыйлауға дайын.

Бұл санатта негізгі сыйлық түріне қымбат бренд парфюмерия кіреді. Респонденттер аталған сомаға сағат, смартфон және басқа да электрондық құрылғылар сатып алуға болатындығы туралы айтты.

Респонденттердің 9,62%-ы сыйлыққа айтарлықтай үлкен сома жаратуға дайын емес екендігін айтты. Олардың жаңа жылдық сыйлыққа бюджеті 10 000 теңгеден аспайды. Әдетте осы сомаға тәтті тағамдар, ішімдік өнімдері, үйге арналған пайдалы құралдарды алуға болады.

Жаңа жылға сыйлық алғанды қаламайтын респонденттер 7,69%-ды құрады.

Бұған қоса соңғы бірнеше жылда үйреншікті жаңа жылдық кәдесыйларға деген қызығушылықтың төмендеу тренді байқалуда. Көптеген респонденттер мұндай сыйлықтардан пайда аз және мұндай сыйлықты алатындар арасында оның мәні төмен екендігін атап көрсеткен.

Бұл ретте барлық респонденттер Жаңа жылда отырысқа ақша үнемдеуге дайын емес екендігін айтқан, себебі көпшілік арасында «Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жылды солай өткізесің» деген пікір қалыптасқан. Мерекелік үстелге жұмсалатын бюджет айтарлықтай жоғары және қымбат өнімдер мен сусындарды сатып алуды тұспалдайды.

Дәл осындай көрсеткіш өткен жылы да болғандығын байқауға болады. Мысалы, 2018 жылы 12% қазақстандықтар жаңа жылдық сыйлыққа 10 мың теңгеге дейін, ал 30 мың теңгеге дейінгі сома шеңберінде сыйлықтарды сатып алуға 28,85% қазақстандықтар дайын болған. Ал 25% респонденттер 30-50 мың теңге аралығындағы соманы сыйлыққа жұмсайтындығын айтқан. 100 теңгеге дейін және 100 мың теңгеден асатын соманы жаратуға 13,46% және 15,38% тиісінше респонденттер дайын болған. 2018 жылы сыйлық сыйлауды қажет емес деп санаған респонденттер 7.69%-ды құраса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 7.85%-ға дейін артқан. Осылайша қазақстандықтар Жаңа жылда сыйлық тартудан және мерекелік үстел жаюдан бас тартпайтындығы расталды, алайда мерекеге байланысты шығындар сомасы төмендегені де шындық.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.