Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


Сәуір айында микроқарыз сомасы 16%-ға төмендеді
30.04.2020

IDF Eurasia (Moneyman бренді) клиенттер микроқарыз алуға жіберген өтінімдері бойынша орташа соманың өзгеруіне қатысты статистиканы талдады.

Нәтижесінде сәуір айының қорытындысы бойынша қарыз алушылар баламалы кредиттеу сервистерінен алған қарыздың орташа сомасы наурыз айымен салыстырғанда 16%-ға төмендегені анықталды, ақшалай нысанда 14 000 рубльден 11 760 рубльге дейін. Компания талдаушыларының пікіріне сүйенсек, мұндай тенденция екі фактормен түсіндіріледі, біріншіден, азаматтардың арасында болашақтағы олардың материалдық жағдайына қатысты белгісіздіктің жоғары деңгейі сақталуда, екіншіден, дағдарыс кезінде адамдар қаржылық жоспарлауға мейлінше жауапты және рационалды қарауға тырысуда.

Осы мәліметтер «Эквифакс» кредиттік бюросының статистикасында да келтірілген: наурыз айында жабылған кредиттердің көп бөлігі (45%) мерзімінен бұрын өтелген. Бұл көрсеткіш ақпан айындағы көрсеткіштен 4,8%-ға жоғары.

Қаржылық міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу тренді Moneyman брендімен қызмет көрсететін IDF Eurasia компаниясында да тіркелген. Сәуір айында мерзімінен бұрын өтелген қарыздардың саны алдағы айман салыстырғанда 6%-ға артқан. Мерзімінен бұрын өтелген микроқарыздардың саны бойынша келесі өңірлер жетекші 3 өңірді құрайды: Архангельск және Нижегородск облыстар, Алтай өңірі.

Аталған өңірлердегі қарыз алушылардың қарызды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі жергілікті үкіметтің шектеу шараларын жеңілдетуімен байланысты болуы ықтимал. 09 сәуірдегі жағдай бойынша жүйе құрайтын өндіріс орындары мен әлеуметтік маңызды ұйымдар өз жұмысын жалғастырған, тиісінше қызметкерлердің де ертеңгі күнге дейін сенімділігі жоғары болған.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.