Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


Ресейдегі IDF Eurasia: 2019 жыл сәтті аяқталды, топ 2020 жылдың сынағына дайын
20.04.2020

Ресей мен Қазақстанның онлайн-кредиттеу нарығының жетекшісі IDF Eurasia Moneyman брендімен кеңінен танымал топтың ресейлік бағытты 2019 жылы* сәтті аяқтағандығы туралы хабарлайды, атап айтқанда:

— табыс 6,6 млрд. рубльге дейін өсті;
— таза табыс 726,5 млн. рубльге дейін артып, табыстың 11%-н құрады;
— ROE көрсеткіші 65,8%-ға жетті;
— берілген кредит көлемі 10 млрд. рубль көрсеткішіне жетті;
— таза кредиттік портфель 2 млрд. рубльге жетті.

IDF Eurasia компаниясының негізін қалаушылардың бірі болып табылатын Борис Батин барлық негізгі көрсеткіштердің өсуін келесідей түсіндірді:

«Мұндай жоғары нәтижеге қол жеткізуге компанияның мықты жақтарына назар аудару көмектесті десе болады, атап айтқанда, баламалы кредиттеу сегментіндегі кең ауқымды көпжылдық сараптама, кредиттеу барысында технологиялық тәсілді пайдалану, жұмыстың жоғары тиімділігі.

Бұған қоса компанияның негізін қалаушы қағидаттарының қатарына пайдаланушыға қарасты дербес қарым-қатынас, сонымен бірге қызметтердің қол жетімділігін тұрақты негізде жетілдіру жатады. Осы қағидаттарды осы күнге дейін ұстану Ресейдегі IDF Eurasia компаниясының тіркелген клиенттерінің базасын 5,5 млн. адамға жеткізуге көмектесті. 2018 жылғы клиенттердің санын 2019 жылғы көрсеткіш 1,2 млн. адамға арттырды. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша апта сайын клиенттердің саны 23,5 мың адамға артып келеді.

2019 жылғы тағы бір жетістікке Moneyman брендіне РА Эксперт ұйымынан ruBB+ кредиттік рейтингін беру жатады, ал бұл Ресейдегі барлық микроқаржылық ұйымдардың ішіндегі ең үздік рейтинг болып саналады. Рейтингтік агенттігі компанияның микроқаржы сегментіндегі мықты бәсекелестік позициясын растап қана қоймай, қызметтің жоғары табыстылығын, сонымен қатар өтімді активтердің елеулі қорын сақтағанын көрсетті. Рейтингтің жоғары көрсеткішінде болуына скорингтік модельді жақсарту септігін тигізді. Жаңа модель берешекті жинаудың тиімділігін ғана емес, микроқарыздардың дефолтын артпастан бизнес масштабын арттыруға әсер етті.

IDF Eurasia қаржы нарығының күйреуі мен COVID-19 таралуымен байланысты ағымдағы ситуациясының сынына толық дайын. Біз бизнестің үздіксіздігін, оның ішінде сыртқы қаржыландыру есебінен қамтамасыз етеміз. Мысалы, наурыз айында біз 500 млн. рубль сомасына облигацияларды сәтті орналастырдық. Техникалық ерекшіліктер туралы айтатын болсақ, компания АТ-инфрақұрылымын дамытуға үлкен назар аударады, себебі біздің компания икемді, әрқашан нарықтың тұрақты өзгерістеріне жылдам бейімделеді.

Бұған қоса біз бизнестің құрамдас бөлігі болып табылатын әлеуметтік жауапкершілікті ұстанамыз. Оның ішінде жеке тәртіпте қандай да бір себептермен немесе эпидемия салдарынан қаржылық жағдайы нашарлаған клиенттерге көмектесуге дайын. Бұған қоса изоляциядағы егде адамдарға, зейнеткерлерге көмек көрсетуді негізгі мақсаты түрінде таңдаған қайырымдылық ұйымдармен серіктестікті реттедік».

*«Мани Мен» Микроқаржылық компания» АЖҚ РСБУ бойынша аудит нәтижесі бойынша әзірленген жылдық есептілікке сәйкес.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.