Рақмет!
Сіз жаңартуларға сәтті жазылдыңыз.
Рақмет!
Сіздің өтініміңіз қабылданды.
Өтінім қалдыру
Өтінімді қалдырыңыз және біз сізбен жақын арада хабарласамыз


Жалақыға дейінгі ақша: қазақстандықтар онлайн-кредитті жиі алатын болды
23.01.2020

Негізгі қарыз алушыларға 30 жасқа дейін ерлерді жатқызуға болады

Осы жылғы онлайн-кредиттеу нарығында берілген қарыздардың көлемі 130 млрд. теңгеге жетуі ықтимал. IDF Eurasia компаниясы осындай жорамалмен LS басылымымен бөлісті.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын бұрын реттелмеген кредиттеу субъектілерінің (ломбардтар, онлайн-кредиторлар және т.с.с.) қызметі Қаржылық нарықты дамыту агенттігінің (ҚНДА) қадағалауына өткендігін еске салған жөн. Осылайша 1 шілдеге дейін олар Ұлттық банкте тіркеуден өтуі тиіс.

IDF Eurasia компаниясының стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Алина Дзоекаеваның пікірінше заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігінің пайда болғанына біраз уақыт болды.

«Мұндай жағдайда жаңа талаптарға сәйкес келмейтін ұсақ онлайн-компаниялар нарықтан кетеді. Алайда мұндай ұйымдар арқылы берілген қарыздың көлемі 8,3%-ға артып, 2020 жылы 130 млрд. теңге көрсеткішке (2019 жылы бұл көрсеткіш 120 млрд. теңгені құраған) жетуі ықтимал. Осылайша клиенттер үшін өнім айтарлықтай арзан және түсінікті болатыны сөзсіз, ал бұл өз кезегінде сектордың инвестициялық тартымдылығын арттырады» – деп санайды компания өкілі.

Бірінші кредиттік бюро деректеріне сәйкес Дзоекаева ханым 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банктер арқылы берілген қарыздың жалпы көлемі 95%-ды құраса, қалған 5% МҚҰ, онлайн-кредиттеу компаниялары мен ломбардтардың үлесінде екендігін атап көрсетті. Көрсетілген 5%-дың тек қана 1%-н онлайн-қарыздар екендігін және мұндай қарызды халық жалақыға дейін алатындығын атап көрсетті сарапшылар.

Бұған қоса IDF Eurasia компаниясының өкілі микро- және онлайн-кредитке жүгінетін қарыз алушының портретін сипаттап берді.

«МҚҰ-ның клиенттері – әдетте 30 жастан асқан, отбасы мен тұрақты табыс көзі бар жоғары білімді әйелдер. 32% әйелдер жеке кәсіпкерлер болып қызмет етеді. Бизнеске арналған микрокредит туралы айтатын болсақ, олар 2 млн. теңгеге дейінгі сомаға беріледі. Өз кезегінде, онлайн-кредиттеу сервисінің 53% пайдаланушылары – 18-30 жас аралығындағы ерлер. 58% мұндай клиенттердің табысы айына 65-150 мың теңгені құрайды. Қарыздың орташа сомасы – 40-70 мың теңге» – деп сөзін Дзоекаева қорытындылады.

Бұған дейін кәсіби қатысушылар LS басылымына кредит берудің жаңа ережелері нарыққа қандай өзгерістер алып келетіндігіне қатысты пікір білдірді.

Рақмет!
Сіздің email мекенжайыңызға растауға арналған сілтеме жіберілді.
Бізбен байланыс
info@idfeurasia.com
Біздің жаңартулар туралы ақпаратты алғыңыз келеді ме?
Біздің таратылымға жазылыңыз
Рақмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді. Сізбен жақын арада хабарласады.